Мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы спартакиада

Мемлекеттiк қызметшiлер арасындағы спартакиада

Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізу шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері осы жарыстарға белсенді қатысты.

Спартакиаданың мақсаттары мен міндеттері денсаулықты нығайту және дене шынықтыру мен спортпен белсенді айналысу үшін жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттық шеберлікті арттыру болып табылады.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» КММ және «ҚР ЭТРМ БШК Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ құрама командасы жарыстың барлық түрлері бойынша өтінім берді, атап айтқанда волейбол, үстел теннисі, тоғыз-құмалақ, қазақ күресі бильярд, шағын футбол, шахмат және жүзу.

Жарыс қорытындысы бойынша біздің құрама команда облыстың ЖАО арасында 19 команда арасында 2-ші жалпы командалық орынды иеленді.