
2023 жылғы 21 маусымда «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ-де (бұдан әрі Басқарма) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізілді, оған басқарманың мамандары, Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Е. Ю. Кинцель, «Экосфера» қоғамдық бірлестігі кеңесі төрағасының орынбасары И. А. Фомин қатысты.
Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде 7 (жеті) тәуекелді белгілеп, Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауы үшін алғышарттар бар деген қорытындыға келді, соның негізінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде жеті ұсыныс берілді.
Ақпарат назарға алынды, қатысушылардан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.