«СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ мамандары «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалымен бірлесіп «Бірге – таза Қазақстан!» акциясын – Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеуге арналған Есіл трансшекаралық өзенінің жағалау сызығын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жөніндегі сенбілік өткізді.
Бұл Күнді атап өту Жердің әрбір тұрғынының қоршаған ортаны сақтауға және планетаның тіршілігін қамтамасыз етудің табиғи жүйелеріне жүктеменің өсуіне жол бермеу үшін іс-қимыл жасауға деген ұмтылысын оятуға арналған.
Акция барысында жарты тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды, 40 адам қатысты.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғат
қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы
А. Славный