
Маусымның бірінші онкүндігінде орманның өрт қауіптілігінің жоғары IV-V класы орнатылды. Орман өрттері – бұл әдетте кең аумақтарды қамтитын табиғи апат.
Бұл ретте жануарлар зардап шегеді және өледі, баға жетпес «жасыл байлық» жойылады, бай орман фаунасына орны толмас зиян келтіріледі – бұл орман өртінің өкінішті, қайғылы нәтижесі.
Көп жағдайда орман өрттерінің себебі – орманға құнтты қожайын ретінде емес, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейтін немқұрайлы адам болып келетіндердің бейқамдығы.
Сондықтан өрт қауіпті маусымда орман өрттерін болдырмау мақсатында тыйым салынады:
Өрттің басталғанын байқасаңыз, оны сөндіруге шаралар қабылдаңыз. Сөндірудің ең қарапайым және қол жетімді әдісі - өрттің жиегіндегі жалынды жасыл бұтақтармен жабу, сумен толтыру, дымқыл топырақ шашу, аяқпен таптау.
Егер Сізде оны өз бетіңізше ауыздықтай алмасаңыз:
- өрттің орны, ауқымы мен сипаты туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының диспетчерлік қызметіне 8 (715-2) 50-67-61 немесе ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызметіне 112 қысқа нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Қырағы және мұқият болыңыз!