Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығымен «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілгенін хабарлайды.
2023 жылғы 24 мамырдан бастап субсидиялауға өтінімдерді қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлаймыз.
Субсидиялауға өтінім беру «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде жүзеге асырылады және «Kezekte» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі.
Субсидиялау Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген жобалардың паспорттары бойынша жүзеге асырылады және инвестициялық жобаны іске асыру орны бойынша жүргізіледі.
Балық шаруашылығы субъектілерінің инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау кезіндегі өтем үлесі - 25%.
Сонымен қатар, № 5 паспортқа өзгерістер енгізілгенін, субсидиялауға ауданы 50 гектардан басталатын КТБӨШ жататынын атап өтеміз.
Өтінім беру мәселесі бойынша 8-775-229-86-85 нөмірі бойынша «Concordia group» ЖШС-не немесе 53-36-35 нөмірі бойынша СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына хабарласуға болады.