
«2021-2025 жылдарға арналған орман дақылдары мен тұқым отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың өндірістік жоспарына» сәйкес «Қызылжар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған ағаш отырғызу жоспары 357 гектарды құрайды. Жұмыстың барлық көлемі екі кезеңмен орындалады: көктемгі және күзгі орман дақылдары жұмыстары.
Тепловское, Куйбышев, Боголюбово және Сосновка орманшылықтарында «қотыр қайың» орман дақылдарын отырғызу өткізілді. Жұмысқа 70-тен астам адам қатысты: орман күзеті, тракторшылар және жергілікті тұрғындар.
Орманды отырғызу өткен жылдардағы жаңартылмаған қайың кесінділерінде, Колесов қылышын қолдана отырып «қотыр қайыңның» 3 300 дана/га дейін көшеттерін отырғызумен жүзеге асырылады.
Отырғызу материалы Тепловское орманшылығының уақытша питомнигінде өсірілді. Іс жүзінде орман отырғызу 2023 жылғы жалпы жоспардың 40% құрды.
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
орманды молықтыру және
орман өсіру жөніндегі инженер
М. В. Матюхина