«Таза жағалау» акциясы

«Таза жағалау» акциясы

Су - өмір көзі, табиғат - біздің ортақ үйіміз, сондықтан үйімізді тазалау әрқайсымыздың міндетіміз.

2023 жылдың 22 мамырында «Соколов орман шаруашылығы» КММ орман күзеті мамандары жергілікті тұрғындармен бірге  қосылып, Сивково көлінің жағасында қоқыстарды жинады.

Бұл акция су жағалауын  қоқыстардан, тасталған құралдардан тазартуды, сондай-ақ экология мен табиғатқа ұқыпты қарау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуды көздейді.

Жұмыс нәтижесінде 300 кг қоқыс жиналды, су жағалауында  тасталған 2 иесіз балық аулайтын ау (жалпы ұзындығы 40 метр) табылды. Акцияға барлығы 15 орман күзеті мамандары қатысты.

«Соколов орман шаруашылығы» КММ
аңшылықтанушы маманы
С. П. Брюхов