СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл шеңберінде 2023 жылғы 19 мамырда «Петропавл қ. су айдындарының таза жағалаулары» қаланың су объектілерінің жағалау сызықтарын тұрмыстық қоқыстардан тазарту бойынша экологиялық акция өткізілді.
Акцияға Петропавл қаласының 6 колледжінен 100-ден астам оқушы қатысты. Тұрмыстық қоқыстардан Пестрое көлінің жағалауы тазартылды, бір тоннадан астам қалдықтар жиналды және шығарылды.
Акцияға қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен, сондай-ақ қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.
Бірінші орынды М. Жұмабаев ат. жоғары колледж иеленді - олар 550 кг қоқыс жинады, екінші орын Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі - 369 кг, үшінші орын Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі - 353 кг.
Су ресурстарын пайдалануды реттеу және табиғат
қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы
А. Ю. Славный