«Таза табиғат» экологиялық акциясы

«Таза табиғат» экологиялық акциясы

2023 жылғы 15 мамырда Красный Яр орманшылығының аумағында «Серебряный бор» табиғат ескерткішінде «Соколов орман шаруашылығы» КММ бойынша 2-тоқсанға арналған жұмыс жоспары шеңберінде қоршаған ортаны абаттандыру және тазарту бойынша «Таза табиғат» экологиялық акциясы өткізілді.

Аталған іс-шара барысында мынандай жұмыстар жүргізілді: орманды тұрмыстық қоқыстардан және шірікағаштан тазарту, өртке қарсы тақырыпқа аншлаг орнату, сондай-ақ шлагбаумдар мен орамдық бағаналарды бояу.

Қатысқандар: «Соколов Орман шаруашылығы» КММ орман күзеті, Березовка ауылдық округі әкімдігінің өкілдері, «ЛесПромУголь» ЖШС орман пайдаланушысы. Бұл акция барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Орман қорғау және күзету инженері
«Соколов орман шаруашылығы» КММ
Кучерявенко А. В.