«Таза су айдындары» акциясы

«Таза су айдындары» акциясы

2023 жылғы 12 мамырда СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы КММ барлық мүдделі мемлекеттік органдары мен М. Қозыбаев ат. СҚУ студенттерінің қатысуымен «ҚР ЭТРМ БШК Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ өткізген «Таза су айдындары» акциясына қатысты.

Акция барысында трансшекаралық Есіл өзенінің жағалау сызығы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды, бір тоннадан артық қоқыс жиналып, шығарылды.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
табиғат қорғау бағдарламалары бөлімінің
бас маманы А. Славный