«Бірге таза Қазақстан» акциясын өткізу

«Бірге таза Қазақстан» акциясын өткізу

2022 жылғы 05 қазанда Қазақстан Президенті Қ. Қ. Тоқаев «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты жалпыұлттық экологиялық акцияның басталуы туралы жариялады.

Бұл акция табиғатқа бейқам, тұтынушылық көзқарасқа қарсы шыққан барлық қазақстандықтарды біріктіруге бағытталды. Оның басты мақсаты – жастар мен ересектерді экологиялық қозғалысқа тарту, қоршаған ортаны сақтау және қорғау, қалпына келтіру мәселелеріне назар аудару. Іс-шараны өткізу барысында оқушы жастар орман саласында белгілі бір білім алады, табиғатқа деген сүйіспеншілік, экологиялық мәдениеті, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасады.

Табиғатты қорғау іс-шаралары аясында «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ мемлекеттік орман қоры аумағында бірінші кезекте «Таза Табиғат», «Бұл - менің ағашым» экологиялық акциялары өткізілді, одан әрі жоспарлы іс-шараларға сәйкес «Бірге таза Қазақстан» акциясын өткізу болжанған.

Жергілікті атқарушы органмен және басқа да мүдделі қызметтермен келісілген алдын ала жүргізілетін ағаш отырғызу және тазартып жинау жұмыстарының тізбесі айқындалды. Акцияға барлығы 54 адам: қала жұртшылығы, мектеп орманшылығы және  Е. В. Губайдулинаның жетекшілігімен Боголюбово орта мектебінің оқушылары,  М. Қозыбаев атындағы СҚУ студент-практиканттары, Бескөл ауылдық округінің өкілдері және орман күзеті қызметкерлері қатысады.

Боголюбово орманшылығының орман питомнигін бұталы қоршаумен қоршап жақсарту жұмыстары жүргізілді, кәдімгі қарағайдың 80 көшеті пайдаланылды. Абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында Куйбышев орманшылығында өндірістік аумақты жинап тазалау, жиектастарды әктеу жұмыстары жүргізілді, 8 шырша отырғызылды.

2014 жылдан бастап дәстүрге айналған «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнін» іске асыру мақсатында директордың орынбасары Ә. Тоққожинның қатысуымен Тепловское орманшылығының орман қорғау күштері Бескөл ауылдық округінің өкілдерімен бірлесе Бескөл ауылының Фурманов көшесінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізді, 10 қарағай отырғызылды.

Орман патологы – инженер
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
Р. Е. Тілеуова