«Ақан сері» орман шаруашылығы» КММ-де бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні

«Ақан сері» орман шаруашылығы» КММ-де  бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні алғаш рет 2014 жылғы 19 сәуірде - БҰҰ Халықаралық орман жылының іс-шаралары аясында атап өтілді.

«Орнықты даму» қоры бастамашылық еткен экологиялық акцияны ҚР Үкіметі қолдады, осыған байланысты Ұлттық ағаш отырғызу күнін жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданды. 2015 жылдан бастап Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні айлық форматында өтуде.

Бұл акцияны «Ақан сері» орман шаруашылығы» КММ мамандары және ЖК «С.Н. Дегтярев»  орман пайдаланушысы қолдады. Содан бері ағаш отырғызу күні жыл сайын өткізіліп келеді.

2023 жылдың 24 сәуірінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда Андреев орманшылығының 88-орамында және Рузаевка ауылында жас жасыл ағаштар отырғызылды. «Ақан сері» орман шаруашылығы» КММ және ЖК «С. Н. Дегтярев» әкімшілік ғимараттарының алдында аллея құрылды. Іс-шараға барлығы 15 адам қатысты.

«Ақан сері» орман шаруашылығы» КММ