
Ормандардың қоқыстануына байланысты проблемалар, өрттен кейін өліп жатқан ормандар туралы барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-да көптеген адамдар жазады және айтады, түрлі пікірлері бар бейнелер орналастырылады.
Орман қорының жерлері – қоқыс үйіндісі үшін оңай қол жетімді жерлердің бірі болып табылады, өйткені қоқысты әкеліп төгу көп уақытты қажет етпейді.
Барлық жағдайда адам, оның мәдениеттілік деңгейі кінәлі. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзушыларды екі топқа бөлуге болады: олар орманда демалушылар немесе көліктерінің терезелерінен қоқыстарды, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді тастайтын және шығындарын азайтып қоқыстардан құтылғысы келетін жеке және заңды тұлғалар, өйткені арнайы полигондарға қоқыс шығару белгілі бір шығындарды талап етеді.
Көктемнің келуімен мемлекеттік орман күзеті орман алқаптарында қоқыс жинаушылар мен өрт сөндірушілерге айналады. Қоқысты жинауға техника, адамдар тартылады, экологиялық сенбіліктер жарияланады, олардың қатысушылары тұрақты негізде орманшылар болып табылады, сондай-ақ экологтар, табиғат қорғау прокуратурасы мен полиция, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, студенттер, мектеп орманшылығының мүшелері қатысады. Экологиялық акциялардың өткізілетін күні мен орны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады, барлық тілек білдірушілер шақырылады.
Қоқысты жинау бойынша кезекті экологиялық акция 2023 жылғы 28 сәуірде Петропавл қаласының орман екпелерінде, атап айтқанда «Мещандық орманда» өткізілді.
Акцияға 25-тен астам адам қатысты. 1,5 тоннадан астам тұрмыстық қоқыс жиналып, шығарылды.
Әдетте, тазартылған жерлерге жаңа демалушылар келеді және олар кеткеннен кейін жиналмаған қоқыс үйінділері қалады. Ормандарды және оның байлығын сақтау проблемасы бүгінде маңызды экологиялық міндеттер қатарында тұр және алаңдаушылық туғызады, өйткені әр орманға күзетші бекіте алмаймыз.
Біз негізінен табиғаттан алып, оған ештеңе қайтармайтынымызды ойламаймыз. Табиғаттағы қарапайым мінез-құлық ережелерін ұстану оны сақтауға және оның байлығын арттыруға көмектеседі. Табиғатты қорғаңыз, оған сүйіспеншілікпен қараңыз, сол кезде ол да сізге сүйіспеншілікпен жауап береді.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің статистігі
С. Е. Сүлейменова