
17 сәуірден бастап «Аққайың орман шаруашылығы» КММ-де «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өткізіледі, оның барысында су айдындарын тасталған аулардан тазарту, жағалау сызығын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Акция облыстың резервтік су айдындарында, яғни табиғат пайдаланушыларға бекітілмеген су айдындарында өткізіледі. Оны өткізу қорытындысы бойынша 1, 3 тонна қоқыс жиналды, сондай-ақ тасталған аулар мен басқа да балық аулау құралдарын анықтау мақсатында қайықта тралдау жүргізілді.
Акцияға 20 адам қатысты, оның ішінде орман күзеті қызметкерлері мен еріктілер, 8 бірлік техника (4 автомобиль және 4 қайық) жұмылдырылды. Бұл іс-шара адамдардың су айдындарына, ихтиофаунаға және жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған. «Таза су айдындары» акциясы ағымдағы жылдың 29 мамырына дейін жалғасады.
«Аққайың орман шаруашылығы» КММ
аңшылық маманы С. А. Добранский