Отырғызу материалдарын қазу

Отырғызу материалдарын қазу

2023 жылғы 25.04. «Преснов орман шаруашылығы» КММ мамандары Преснов, Кладбинка және Троицкое үш орманшылығында уақытша питомниктерден 1 млн. дана көлемінде қотыр қайыңның отырғызу материалын қазып, оларды қар үймелеріне орналастырды.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының екі миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында және Орман дақылдары жұмыстарын тұқым және отырғызу материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі қабылданған іс-шаралар өндірістік жоспарына сәйкес өткізілді.

Отырғызу материалы өсімдіктер күзде немесе көктемде, олардың тыныштық кезеңінде стандартты мөлшерге жеткеннен кейін қазылады.      

Осы уақытқа дейін балауса бұтақтар өсуін аяқтап, сүректеніп, төбебүршіктері қалыптасып, жапырақтары түсе бастауы керек.

Натуралық тексеру кезінде қотыр қайың көшеттері Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес келеді, карантиндік объектілер табылмады және ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта барлық үш орманшылықта орман дақылдары отырғызылуда.

«Преснов орман шаруашылығы» КММ

 

«Орман дақылдары жұмыстарын тұқым және отырғызу материалдарымен қамтамасыз етудің өндірістік кешенді жоспарына» сәйкес 2023 жылдың 18 сәуірінен бастап «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ 2023 жылдың көктемінде орман дақылдарын өсіру үшін отырғызу материалдарын қазуға кірісті. 27 сәуірдегі жағдай бойынша Орлиногор орманшылығының қар үймесінде 575 мың дана қотыр қайың көшеттері қазылып, сақталады.

Көшеттердің бұл мөлшері 115 га болашақ орманды отырғызу үшін жеткілікті. Сондай-ақ өткен жылдардағы орман дақылдарын толықтыру үшін 140 мың дана қотыр қайың көшеттері мен 55 мың дана кәдімгі қарағай. Барлық отырғызу материалдары «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-нің тұрақты орман питомнигінде өсіріледі.

Мамырдың бірінші онкүндігінде орман шаруашылығы отырғызуды бастайды, ол механикаландырылған түрде ормандағы алаңдарда жүзеге асырылады. 2023 жылдың күзінде 313 га орман дақылдарын отырғызу жоспарлануда.

Ормандарды қалпына келтіру және орман
өсіру жөніндегі инженер О. А. Вишняковаға