Еліміз бойынша «Өз ағашыңды отырғыз» экологиялық акциясы басталды

Еліміз бойынша «Өз ағашыңды отырғыз» экологиялық акциясы басталды

2014 жылдан бастап «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» айлық форматында өтуде, іс-шараның ресми күні сәуірдің үшінші сенбісі болып саналады.

Бұл біздің өлкеміздің қайталанбас табиғатына жеке үлес қосқысы келетін адамдарды біріктіретін жақсы дәстүрге айналды.

Бұл пайдалы іске кез келген адам қатыса алады. Экологиялық акциялардың өткізілетін күні мен орны туралы әлеуметтік желілерде кең түрде жарияланады, барлық тілек білдірушілер шақырылады.

Отырғызу жұмыстары кезінде ауа-райы жағдайлары ескеріледі және кейбір аудандарда осы күнге арналған негізгі іс-шаралар сәл ертерек немесе кешірек, белгілі бір аумаққа қолайлы уақытта өткізіледі.

Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы мемлекеттік орман шаруашылықтарымен келесі бағыттар бойынша 50 экологиялық акция жоспарланған: «Таза табиғат», «Бірге таза Қазақстан», «Бұл менің ағашым».

Акцияны өткізу барысында жағалау аймағын тазарту, табиғат ескерткіштерінің аумақтарын тазарту, елді мекендер мен мектеп жанындағы аумақтарды көгалдандыру, мектеп түлектерінің атаулы ағаштарды отырғызуы, мемлекеттік орман қорының аумағын жинау және абаттандыру және т.б. жұмыстар жоспарланған.

Облыстың мемлекеттік орман шаруашылықтары отырғызу үшін учаскелерді таңдау бойынша міндеттемелер алады, топырақ дайындайды, отырғызу материалымен қамтамасыз етеді. Еріктілерге мүкәмммал беріледі, ағашты қалай дұрыс отырғызу керектігі туралы нұсқаулық беріледі.    

27 сәуірде «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ Куйбышев орманшылығының аумағында 1,0 гектар жерге отырғызу жүргізілді, 6 мың дана кәдімгі қарағай отырғызылды.

Акцияға 60-тан астам адам қатысты: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің, «Центр кредит» Банкінің, «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ мамандары.

Ағаш отырғызу күні әлі өте жас мереке.

Орман шаруашылығы қызметкерлері бұл жақсы бастама уақыт өте келе еліміздің барлық азаматтары үшін нағыз мереке болады және әрбір тұрғынның «өз» отырғызылған ағашы, тіпті одан да жақсы — бірнеше отырғызылған ағаштары болады деп үміттенеді!

Біз бірге туған өлкеміздің «жасыл өкпесін» сақтап, нығайтамыз. Өйткені, ормандардың біздің өміріміздегі рөлін асыра бағалау мүмкін емес.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің статистигі С. Е. Сүлейменова