«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ Қазақстан Республикасының аң аулау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар), атап айтқанда, жас шектеулеріне қатысты 1-тараудың 4-тармағының 1-тармақшасына өзгерістер енгізілгенін хабарлайды.
Бұған дейін атыс қаруымен аң аулау құқығы 18 жасқа толған жеке тұлғаларға берілген болатын. Қағидалардың жаңа редакциясында атыс қаруымен аң аулау құқығын алу жасы 21 жасқа дейін өсті.
Ереженің 1 тарауының 4 тармағының 1 тармақшасы енді келесідей:
Заңның («Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы») 33-бабына сәйкес аң аулау құқығына:
1. егер аң аулау атыс қаруын қолданыла отырып жүргізілетін болса, жиырма бір жасқа толған;
Қағидалардың 1 тарауының 4 тармағының қалған тармақшалары өзгеріссіз қалды:
2. егер аң аулау осы Қағидаларда рұқсат етілген басқа да аңшылық құралдарының түрлері, аңшылық иттер мен аушы жыртқыш құстар қолданыла отырып жүргізілетін болса, он төрт жасқа толған;
3. «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары − Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша аңшы куәлігі болған;
4. жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат немесе аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамасын алған жағдайрда жеке тұлғалар ие болады.
Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шарты, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, жолдама алу, сондай-ақ ішкі істер органдары аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге берген қорытынды негізінде туындайды.
Аңшылық шаруашылығы маманы
«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
Д. Н. Бутенко