Халықаралық Жер күніне арналған шығармашылық конкурстың қорытындысын шығару

Халықаралық Жер күніне арналған шығармашылық конкурстың қорытындысын шығару

2023 жылдың 20 сәуірінде М. Қозыбаев ат. СҚУ «География және экология» кафедрасы Басқарманың қолдауымен ұйымдастырған Халықаралық Жер күніне арналған мектеп және студенттік жұмыстардың жыл сайынғы шығармашылық конкурсының қорытындысы шығарылды.

Халықаралық Жер күні – қоршаған ортаны қорғауға, ғаламшарды көгалдандыруға және табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттауға арналған 22 сәуірде атап өтілетін мереке.

Жер күні – бұл халықтың назарын Жер ғаламшарын олардың ортақ үйі ретінде тануға, Жердегі ортақ бірлікті сезінуге және бір-біріне өзара тәуелділікке аударуға арналған уақыт.

 «Ғажайып табиғат» табиғи материалдан және «Қалдықтарға екінші өмір» тұрмыстық қатты қалдықтардан жасалған үздік қолөнер, «Айналамыздағы табиғат» үздік фотосуреті», «Табиғатты сақтайық» үздік ғылыми жобасы» және «Табиғат және экология» үздік бейнеролигі» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

Байқау жеңімпаздары сертификаттармен және дипломдармен марапатталды. Басқарма дипломдарымен «Табиғат және экология» үздік бейнеролигі» номинациясы бойынша:

3 орын – Балтабай Жұлдызай;

2 орын – Скородумов Ярослав, Шаяхметов Тимур;

1 орын – Мұхамеджанова Саида.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің
бас маманы А. Славный