
Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Аққайың орман шаруашылығы» КММ Аққайың ауданының ТЖ, 9-ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп, Қаратомар орманшылығында, Астрахан ауылдық округінің Қаратомар ауылының маңында орман және дала өрттерінің және олардың елді мекендерге көшудің алдын алу бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара басталар алдында оған қатысатын күштер мен көлік құралдарын сапқа тұрыс ұйымдастырылды, барлық қатысушылармен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді. Оқу-жаттығу Аққайың ауданының 9-ӨСБ өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. А. Бейсенбаевтың басшылығымен өткізілді.
Оқу-жаттығудың міндеті – орман өртін жоюға тартылатын күштер мен құралдардың шоғырлануының нақты уақытын анықтау, оларды орналастыру схемасын қарастыру. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің ТЖБ қызметкерлерімен, 9-ӨСБ өрт сөндіру тобымен, полиция қызметкерлерімен өзара іс-қимылын пысықтау. Өртке қарсы мүкәммалмен, өртке қарсы жабдықпен жұмыс істеу қабілетін, өрт кезінде радиобайланысты ұйымдастыру дағдыларын тексеру.
Оқу-жаттығудың сценарийі келесідей: орман өрті жақын маңдағы елді мекенге таралады. Өртті орман күзетінің қызметкерлері анықтап, өрт туралы хабарлама 9-ӨСБ-ға жіберілді, орман күзетінің қызметкерлері оны сөндіруге кірісті, содан кейін оларға 9-ӨСБ өрт сөндіру тобы қосылады. Өрт болған жерге полиция бөлімінің патрульдік көлігі еріп жүреді.
Оқу-жаттығуға «Аққайың орман шаруашылығы» КММ: өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі, тракторшы – 2 адам, Қаратомар орманшылығының орман күзетінің қызметкерлері – 7 адам қатысты. Жұмылдырылған техника: ГАЗ-33088 АЦ-40 өрт сөндіру автокөлігі – 1 бірлік, ПКЛ-70 соқасы бар МТЗ-82,1 тракторы – 1 бірлік. 9-ӨСБ өрт сөндіру тобы – 5 адам, Аққайың ауданының полиция бөлімінің қызметкері – 1 адам.
Тартылған күштер мен құралдардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында шартты өрт қысқа мерзімде жойылды.
«Аққайың орман шаруашылығы» КММ
орманды қорғау инженері Т. Ж. Нұрғалимов