2023 жылғы өрт қаупі бар маусым

2023 жылғы өрт қаупі бар маусым

2023 жылдың 5 сәуірінен бастап өрт қаупі бар маусым ашылды. Өрт қаупі бар кезең – бұл орман жанғыш материалдарының жану мүмкіндігін анықтайтын ауа-райы жағдайы басталатын жыл ішіндегі кезең. Мұндай жағдайлар негізінен көктемде қар жамылғысы еріген сәттен бастап тұрақты жаңбырлы күзгі ауа-райы орнағанға дейін немесе жаңа қар жамылғысы пайда болғанға дейін пайда болады.

Өрт қаупі бар маусым — бұл барлық дерлік дала өрттері болатын уақыт. Өрт қаупі бар маусымды үш кезеңге бөлуге болады: көктемгі, жазғы және күзгі.

Көктемде орман қар ерігеннен кейін жылы күндерде кеуіп, тез тұтанғыш болатын құрғақ шөптен немесе құлаған жапырақтардан өртеніп кетуі мүмкін. Жазда жоғары температура кезінде орман іші өте құрғақ болады және кішкентай ұшқыннан тұтануы мүмкін. Күзгі кезеңде ормандарда құлаған жапырақтар жиі күйіп кетеді.

Құрғақ шөпті өртеу ерекше қауіп болып табылады, өйткені ол оңай жанып, желмен көрші ағаштар мен бұталарға тез таралады, бұл ірі орман өрттерінің пайда болуына әкеледі.

Сондай-ақ орман мына себептермен өртенуі мүмкін:

  • орман жолағының жанынан өтіп бара жатқан машиналар мен мотоциклдерден ұшқынның түсуі;
  • адам факторы;
  • күн сәулесінің әйнекке шоғырлануы;
  • ағашқа найзағайдың түсуі сияқты табиғи құбылыстар;
  • май немесе басқа тез тұтанатын заттар сіңірілген қағаз майлықтардың жануы.

Ормандағы өрттер көбінесе адам факторына байланысты болады. Статистикаға сәйкес, 10 жағдайдың 9-нда адам кінәлі.

Өрт қаупі бар маусымда өртке қарсы қауіпсіздік шараларын сақтау үшін:

  • өрт қаупі бар кезеңде от жақпаңыз;
  • құрғақ шөпті өртемеңіз, өйткені желдің әсерінен өрт қатты таралады және бірнеше секунд ішінде көрші бұталар мен ағаштарға ауыса алады;
  • сөндірілмеген сіріңкелерді немесе жанып тұрған темекі тұқылдарын жерге тастамаңыз;
  • орманда қоқыс қалдырмаңыз.

Шыны бөтелкелерді мұқият бақылау керек, өйткені жоғары температурада күн сәулелері әйнекке шоғырланып, нәтижесінде олар шөпті өртеп жіберуі мүмкін.

Орманда болған кезде адам бірқатар ережелерді сақтауы керек. Өрт қауіпті кезеңде тыйым салынады:

  • орман кесілген жерлерде, бүлінген аумақтарда, шымтезек алқаптарында, шабындықтарда от жағу. Сондай ақ ағаш бөрікбастарының астында от жағуға тыйым салынады;
  • ормандарда пиротехниканы пайдалану және темекі шегу;
  • кез-келген қоқысты тастап, оны өртеп жіберу;
  • құрғақ шөпті өртеп жіберу;
  • орман алқабының жанында қозғалтқышы қосылған автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына жанармай құюға.

Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабының 3-бөлігіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда от жағуға тек осыған арнайы бөлінген орындарда ғана болады. Яғни, бұл от жағуға рұқсат етілген алаңдар. Мұндай жерлерде орындықтар, үстел, от жағуға арналған бетон алаңы бар.

Жеке тұлғалар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін айыппұл 10 АЕК құрайды. Заңды тұлғалар мынадай жауапкершілікке тартылады: шағын бизнес және лауазымды тұлғалар – 30 АЕК, орта бизнес – 50 АЕК, ірі бизнес – 150 АЕК.

Өрт немесе тұтану анықталған жағдайда 8 (715-41) 2-13-08 телефоны бойынша «Мамлют орман шаруашылығы» КММ-ге немесе 101 нөмірі бойынша хабарласу қажет екенін естеріңізге саламыз.

«Мамлют Орман шаруашылығы» КММ

 

Өрт - орманның қас жауы! Ол орны толмас зиян келтіреді және ең бастысы, маңызды орман алқаптарын жайдан жай жойып жібереді, орманның рекреациялық, топырақтан және судан қорғау функцияларын бұзады.

Өрттер орман өсімдіктерін ғана емес, сонымен қатар құстардың көптеген ұя салатын жерлерін, жас, жетілмеген және кейде ересек жануарлардың мекендейтін жерлерін, олардың азық-түлік базасын, орманда орналасқан ғимараттарды, жиналған ағаш пен жемді, байланыс және электр желілерін және басқа да халық шаруашылық объектілерді зақымдайды.

Орман өрттері негізінен адамның кінәсінен болады. Бұл жұмысшылардың, демалушылардың, туристердің, жидектер мен саңырауқұлақтарды жинаушылардың ормандағы отпен абайсызда жұмыс істеуінің нәтижесі.

ОРМАНДА ОТПЕН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, 2023 жылғы 05.04. бастап өрт қаупі бар маусым басталып, орманда келесі әрекеттер қатаң тыйым салынады:

  • орман күзеті көрсетпеген және арнайы жабдықталмаған жерлерде от жағу;
  • жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыру;
  • орманда жанғыш заттар сіңірілген сүрту материалдарын қалдыру.

Егер басталып жатқан орман өртін анықтағаннан кейін оны дереу сумен басталып жатқан орман өртін анықтаған жағдайды оны дереу сумен толтыру, жасыл бұтақтардан сыпырғыштармен жабу, құм немесе топырақ салу, таптау және басқа құралдармен жою шараларын қабылдаңыз.

Өртті өз күшіңізбен жою мүмкін болмаған жағдайда, Сізден 101 нөмірі бойынша хабарласуыңызды немесе өрт туралы 8 (715-31) 2-12-68 нөмірі бойынша «Булаев орман шаруашылығы» КММ-не хабарлауыңызды сұраймыз.

Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықта болады.

ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабына сәйкес ормандардағы өрт қауіпсіздігі мен санитариялық ережелердің талаптарын бұзу жеке тұлғаларға он АЕК (34 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, – жеке тұлғаларға жиырма бес АЕК (86 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ж. А. Абаев,
«Булаев орман шаруашылығы» КММ
орманды күзету және қорғау инженері