
2023 жылдың 30 және 31 наурызында «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ-де орман шаруашылығының 2023 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындығы тексерілді. Тексеруді Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары жүргізді.
Аталған тексеріске үш орман шаруашылығы қатысты: Орлиногор, Қамсақты, Чкалов. Мемлекеттік орман күзетінің алғашқы өрт сөндіру құралдарымен және радиобайланыспен жарақтандырылуы, орман өрт сөндіру станциясының жинақталуы, автотракторлық техника, тіркеме және аспалы жабдық тексерілді.
Орман өрттерін сөндіру бойынша ынтымақтастық жоспарының болуына ерекше назар аударылды, мүдделі жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың ынтымақтастық ұйымдастыру, 2023 жылғы өрт қауіпті кезеңге арналған негізгі өрт сөндіру іс-шараларының жоспарлары.
Тексеріс нәтижелері бойынша орман шаруашылығының дайындық дәрежесі белгіленді, ол 8,4 баллды құрады, бұл қанағаттанарлық баға.
Жыл сайын өрт қаупі бар маусымға дайындықты тексеру «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ ормандарының орман өрттерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
Өрттерді дер кезінде анықтау және жою өрт қауіпсіздігінің дұрыс ұйымдастырылған жоспарына және өрт сөндіру құралдарымен жақсы жабдықталуына байланысты.
«Орлиногор орман шаруашылығы»
КММ директорының орынбасары
Е. А. Бекмағамбетов
2023 жылғы 6 сәуірде «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ мамандары «Преснов орман шаруашылығы» КММ 2023 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындығын тексерді.
Тексеріс барлық үш орманшылықта өткізілді: Преснов, Троицкое және Кладбинка.
Өртке қарсы техниканың, ОӨС жарақтандырылуының, аспалы жабдықтың, өрт сөндіру құралдарының техникалық жай-күйі, ЖЖМ резервтік қорының, байланыс құралдарының болуы тексерілді, сондай-ақ интерактивті бейнебақылау жүйесі тексерілді.
Тексеріс қорытындысы бойынша өрт қаупі бар маусымға дайындық деңгейі 9,6 балды құрады.
«Преснов орман шаруашылығы» КММ
2023 жылғы 24 наурызда «Мамлют орман шаруашылығы» КММ-де өрт қаупті бар кезең қарсаңында орман өрттерін сөндіруге тартылатын өрт сөндіру техникасының 2023 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындығы тексерілді.
Өрт қаупі бар кезеңге тексеру жөніндегі комиссияға «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ және «СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ мамандары кірді.
«Мамлют орман шаруашылығы» КММ аумағында Белов орманшылығында 1 типті ОӨС (орман өрт сөндіру станциясы) және Мамлют (Кондратов) орманшылығында 2 типті ОӨС бар.
Тексеруге тұтанулар мен өрт сөндіруге тартылатын 20-дан астам дана техника ұсынылды. Тексеру кезінде автомобильдердің жасақталуына ерекше назар аударылды. Тұтанулар мен орман өрттерін тез жоюға арналған 2 өрт сөндіру машинасы, ПКЛ-70 орман соқасымен және көлемі 3 текше метр ыдыспен жабдықталған 9 МТЗ тракторы және 2 аспалы орман бүріккішімен, 5 шартылдақпен және суға арналған 50 литрлік ыдыспен жабдықталған патрульдік автомашиналар бар
Сондай-ақ, өртке қарсы жоғары қысымды ЕРМАК қондырғысымен жабдықталған (орман өрттерін сөндіру үшін қолданылатын ең тиімді құрылғылардың бірі, жұмыс принципі үлкен қысыммен ұсақдисперсиялы сумен сөндіру әсеріне негізделген, су шығыны минутына 10-15 литр) жоғары өтімді автомобильдер, 200 литр суға арналға ыдыс, 2 аспалы орман бүріккіш, 10 шартылдақ, 4 шелек, 2 күрек, 2 балта бар.
Барлық орман күзетіне, орман күзеті қызметкеріне бекітілген жабдықтың, рацияның, ауа үрлегішінің, аспалы орман бүріккіштің, шелектердің, күректердің, балталардың, шартылдақтың болуы мен жұмыс қабілеттілігіне тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, қызметкерді қызметтік киім-кешекпен, айрықша белгілермен жабдықтауға және қызметтік куәліктің болуына назар аударылды.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігін дайындау және өрттің алдын алу, атап айтқанда, аншлагтар және көрнекі үгіт орнату, сондай-ақ өрт қаупі бар кезеңде аумақтарды патрульдеу мәселелері бойынша тиісті жұмыс жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, тұтану немесе өрт анықталған жағдайда 8 (715-41) 2-13-08 телефоны бойынша «Мамлют орман шаруашылығы» КММ-ге немесе 101 нөмірі бойынша дереу хабарлау қажет.
«Мамлют орман шаруашылығы» КММ