
Құрлар мен жабайы үйректердің аталықтарын аулауға рұқсат етілді (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа). Аң аулау 2023 жылдың 22 сәуірде күн шапағынан басталып 6 мамырға дейін созылады.
Аң аулауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын аң аулау қағидаларын ұстану керек, оған сәйкес әуесқойлық (спорттық) аң аулау аңшыда мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:
Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.
Аң аулау қағидаларында көрсетілген кейбір тыйымдарды есте ұстаған жөн, оларға сәйкес мына жағдайларда:
Сонымен қатар, аңшылық шаруашылығына зиян келтіретін қарғалар, сауысқандар, тағандар мен қаңғыбас иттер сияқты құстар мен жануарларды аулау жануарлардың басқа түрлерiн аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi.
Аңшылық алқаптарда болған кезде қоқыс қалдырмау керек, сонымен қатар өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет.