Ормандарды өрттен қорғау

Ормандарды өрттен қорғау

Орман өрттері ағаштар мен бұталарды жоюдан басқа экологиялық және экономикалық зиян келтіреді. Өрттің салдарынан орманның қорғаныш және басқа да пайдалы қасиеттері төмендейді, фауна, ал кейбір жағдайларда құрылыстар, тіпті елді мекендер зақымдалады.

Ыстық және құрғақ ауа-райында ормандардағы өрттердің ауқымы өте үлкен болып, жүздеген гектар өсімдіктерді жойып, жануарлар мен құстардың өліміне әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, орман өрттері адамдарға да үлкен қауіп төндіреді.

Басым көпшілік жағдайда орман өрттері адамның кінәсінен басталады. Орман өрттерінің 90%-дан астамы елді мекендерге, жолдарға және ормандағы әртүрлі жұмыстар жүргізілетін орындарға жақын жерде болады. Адам факторы орман өрттерінің 88-98%-ның себебі болып табылады және тек 2-12%-ы метеорологиялық жағдайларға (найзағай, құрғақшылықта өздігінен жану) байланысты.

Орман алқаптарында кез-келген жұмысты орындау кезінде немесе демалысқа барған өз іс-әрекеттеріңізде ұқыптылық танытыңыз - орманды өрттен сақтаңыз.

«Ақан сері орман шаруашылығы» КММ