Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2023 жылғы өрт қаупі бар маусым басталды

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2023 жылғы өрт қаупі бар маусым басталды

Қар жамылғысының ери бастауына, ауа-райының жылынғанына байланысты, сондай-ақ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2023 жылғы 05 сәуірдегі бұйрығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында өрт қаупі бар маусым басталды.

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес орман қоры аумағында өрт қаупі бар маусымда:

1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), кесілген ағаш қалдықтары мен дайындалған сүрек жатқан кеспеағаштарда, шөбі қурап қалған жерлерде, сондай-ақ ағаштар ұшарбасының түбінде от жағуға жол берілмейді; 

2) жанып тұрған шырпыны, темекі тұқылын тастауға және темекі тартатын трубкалардан ыстық шоқтарды қағып түсіруге;

3) аң аулау кезінде тез немесе бықсып жанатын материалдардан жасалған оқ тығындарын пайдалануға;

4) жанар-жағармай заттары сіңген сүрту материалын олар үшін арнайы көзделмеген орындарда қалдыруға

5) іштен жанатын қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда отын багына жанармай құюға, оталғышының май шашу жүйесі бұзылған машиналарды пайдалануға, сондай-ақ жанар май құйылып жатқан машиналардың жанында шылым шегуге немесе ашық отты пайдалануға тыйым салынады.

Біздің облыста ағаштар көптеген ұрпақтардың еңбегімен егілді, олардың кейбіреулері жасанды шыққан (яғни адам қолмен отырғызған). Орман өрттерінің кінәсі көбінесе адам болып табылады. Өрттің көп бөлігі ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарынан, пикник алаңдарында, жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау кезінде, аң аулау кезінде қоқыстарды жағудан, тасталған жанып тұрған сіріңкеден, сөндірілмеген темекіден туындайды. Толық сөндірілмеген от үлкен орман өртіне әкеліп соқтыруы мүмкін және орман шаруашылығына ғана емес, елді мекендерге де зиян келтіріп, адам өліміне әкелуі мүмкін.

СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы азаматтарды ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және өрт жағдайлары туралы 8(7152) 506761 нөмірі бойынша «Орман» орталық диспетчерлік қызметіне немесе Басқарманың 8 (715-2) 53-36-45, 8 (715-2) 53-36-39 телефондары бойынша дереу хабарлауға шақырады.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар бұзушылықтардың сипатына және олардың салдарына байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Орманды сақтау және өрттен қорғау – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз!

Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің бас маманы
А. Б. Умурзакова