
Солтүстік Қазақстан облысының балық қорларын ұлғайту, бағалы балық түрлерінің уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі №190 бұйрығына сәйкес уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға шектеу және тыйым салу белгіленді.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
Есіл бассейнінің су айдындарында:
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары шегіндегі Есіл, Нұра, Сілеті өзендерінде және олардың барлық салалары мен су қоймаларында 20 сәуірден 20 мамырға дейінгі аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жоғарыда аталған бұйрықты бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлайды.
Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабы) немесе қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы) көзделген
Заңнамалық актілерге сілтемелер:
http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011939
https://kodeksy-kz.com/ka/ob_administrativnyh_pravonarusheniyah/383.htm