Орман – жер бетіндегі тіршілікті көріктендіретін, сауықтыратын және қолдайтын табиғи байлықтардың бірі, өйткені ол оттегі көздерінің бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 550 мың гектарды құрайды.
Облыс аумағында өртке қарсы іс-шараларды іске асыруды, орман өрттерінің алдын алуды және сөндіруді орман шаруашылығының 12 коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізеді. Бұйрықпен Басқармада 2023 жылғы 20 ақпаннан 18 наурызға дейін өрт қаупі бар маусымға дайындық айлығы жарияланды.
Өрт қаупі бар маусымға дайындық - бұл, ең алдымен, техника мен өртке қарсы жабдықтарды дайындауды, ормандарды өртке қарсы жайластыру, орман өрттерін сөндіру, ТЖ туындаған кезде мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы және материалдық-техникалық базаны нығайту жөніндегі жоспарларды әзірлеуді қамтитын дайындық іс-шараларының тұтас кешені.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік орман шаруашылықтары 25 өрт сөндіру автомашинасымен жасақталған. Сондай-ақ, суға арналған 30 тіркеме ыдыс, 58 мотопомпасы, 24 бірлік мөлшерінде тіркеме жабдығы бар. Доңғалақты тракторлармен жабдықтау 94 бірлікті құрайды, бұл белгіленген нормаларға сәйкес келеді.
Мемлекеттік орман күзеті 753 дана радиобайланыс құралдарымен қамтамасыз етілген (оның ішінде 50 стационарлық станция, 269 ұтқыр және 434 тасымалдайтын), 476 аспалы орман бүріккіштері, 146 ауа бөлгіш бүріккіштері бар. 16 орман өрт сөндіру станциясы жұмыс істейді. 8 өрт-бақылау мұнарасы және орман аумағын бақылаудың неғұрлым заманауи жүйелері болып табылатын 16 интерактивті бейнебақылау кешені орнатылды.
Орман қорын патрульдеу үшін барлық өрт қаупі бар маусымға мемлекеттік орман күзетіне 100-ден астам патрульдік машина бекітіледі. Наурызда мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері орман өрттерін сөндіру кезінде іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығулар өткізді.
Жаңа өрт қаупі бар маусымды мейілінше қаруланып қарсы алу үшін оған қазірдің өзінде дайын болу керек. Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 24 наурыз бен 07 сәуір аралығында мемлекеттік орман шаруашылықтарының дайындығына тексеру жүргізілетін болады.
10-15 сәуір аралығында Солтүстік Қазақстан ормандарында өрт қаупі бар маусым жарияланады. Осы уақыт ішінде от жағуға, жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға, майланған немесе бензин және басқа да жанғыш заттар сіңген сүрту материалын қалдыруға, күн сәулесі түсетін орман алқабында бөтелке немесе шыны сынықтарын қалдыруға, өрістерде шөп пен сабанды өртеуге, ақаулы ұшқын сөндіргіштері бар техникада жұмыс істеуге тыйым салынады.
Орман өрттерінің 80%-на дейін өртпен жұмыс істеу кезінде, көктемде және күзде, халықтың жаппай демалатын орындарында ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылуынан туындайды.
Орман өрттерінің себептері көбінесе орманда отты пайдаланған кезде тиісті сақтық танытпайтын, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзатын, демалыс орындарында сөндірілмеген от немесе темекі тұқылын қалдыратын адамдардың жауапсыздығы, сондай-ақ балалардың отпен ойнауы және орман алқаптарына іргелес саяжайларда қоқыстарды өртеу болып табылады.
Өткен 2022 жылғы өрт қаупі бар маусымда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 50 хаттама жасалды, 880 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды, оның 100% өндірілді.
Бұл мақалада өрт қауіпсіздігінің ең қарапайым ережелері ғана келтірілген, іс жүзінде олардың саны әлдеқайда көп. Орманда және орман алқаптарына іргелес аумақтарда өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын орындау арқылы тұтанулар мен орман өрттерінің пайда болу қаупін азайтуға болады.
Ормандағы қауіпсіздік кепілі тек техникалық қару-жарақта ғана емес, сонымен бірге әрқайсымыздың табиғатты қорғауға деген ұмтылысымызда. Орманға келген әрбір адам болашақ ұрпақ үшін осы табиғи дарынды сақтайтындай әрекет ету керек екенін түсінуі керек. Өйткені, ормандарды сақтау және көбейту мәселесін шешу – біздің ортақ міндетіміз.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі
С. Е. Сүлейменова