
2023 жылдың наурыз айында орман шаруашылығы мамандары «Соколов Орман шаруашылығы» КММ-де мемлекеттік орман қорғау қызметкерлеріне оқыту семинарын өткізді.
Семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау және балық аулау ережелеріне, Қазақстан Республикасының аумағында қару айналымы және сақтау ережелеріне, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөлу және таксациялау ережелеріне, орманды молықтыру, орман тұқымдарын дайындау, қайта өңдеу, жинау және сақтау мерзімдеріне, орман дақылдары мен питомниктерге түгендеу жүргізу ережелеріне енгізілген өзгерістерді қарады. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің браконьерлікке қатысты баптарымен танысты.
Орман күзетінің назарына алдын ала өртеу тәсілдері жеткізілді. Семинар шеңберінде өткізілген талқылау барысында бақыланатын өртеулерді бақыланбайтын өртеулерге өту мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар талданды. Сондай-ақ, орман күзетінің қызметкерлері өртеу кезінде қауіпсіздік техникасы және бақыланатын өртеу үшін тағайындалған учаскелер үшін жеке жауапкершілік ережелерімен танысты.
Осы семинардың мақсаттарының бірі орманды заңсыз кесудің жіктелуін түсіндіру болды, атап айтқанда: осындай іс-әрекетті әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтың қандай түріне, орманды заңсыз кесу бойынша залал сомасының өзгертілген шегіне байланысты жатқызу. Сондай-ақ, заңсыз ағаш кесуді анықтаған және тіркеген кезде орман күзетінің іс-қимыл алгоритмдері мен міндеттері қаралды.
Сонымен қатар, семинарда орман заңнамасына байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптарындағы түзетулер зерделенді, сондай-ақ әкімшілік хаттамаларды дұрыс толтыру, оларды кейіннен тексеру бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Техникалық минимум аяқталғаннан кейін «Соколов Орман шаруашылығы» КММ инженерлік-техникалық құрамының мамандары семинарға қатысқан мемлекеттік орман қорғау қызметкерлерінен туындаған сұрақтарға жауап берді.
«Соколов Орман шаруашылығы»
КММ орман қорғау және күзету инженері
А. В. Кучерявенко