Жабайы жануарларға көмек

Жабайы жануарларға көмек

Қыс – жабайы табиғат үшін қиын уақыт. Олардың негізгі рациондық бөлігі – өсімдіктер, жемістер, тамырлар және т. б. қар астына тығылады, соған қарай орман тұрғындары азық-түліктің жетіспеушілігін сезінуі мүмкін.

Жануарлардың қыстан оңай шығуына көмектесу үшін оларды тамақтандыру керек. Биотехникалық шаралар – олар әртүрлі техникалык кешені және шаруашылық шаралары, аншылық жануарларды сақтауға және олардың популяциясының өнімділігін арттыруға бағытталған.

2022 жылы Чкалов орманшылығының орман күзетшісі 9968 дана жемдік сыпырғыш дайындады. «Айдос 09» қорық аншылық шаруашылығы аумағында жабайы жануарларды азықтандыру бойынша биотехникалық іс-шаралар жүргізілді: жануарлардың қар бөгетіндегі қоректендіргіштерге өтуін жеңілдету үшін жол жасалады, 250-ден астам дана арнайы белгіленген орындарға жем сыпырғыштары ілінді, екі центнерден астам шөп дайындалды.

Биотехникалық шаралар жабайы жануарлар популяциясын сақтаудың бірі болып табылады.

«Орлиногор орман шаруашылығы» КММ
Чкалов орманшылығының құрылымдық
бөлімшесінің басшысы Р. Ә. Сәкенов

 

Қысқы кезең бойы «Булаев орман шаруашылығы» КММ аңшылық пайдаланушылармен бірлесіп мемлекеттік орман қоры жерлерінде жабайы жануарларды азықтандыру бойынша биотехникалық іс-шаралар өткізеді.

Азықтандыру қатты аяз бен қар жауған кезде орман фаунасы өкілдерінің өмірін қолдау мақсатында жүзеге асырылады. Жабайы аңдар мен құстар адамға, оның өз жерлерінде болуының іздеріне, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарға сақтықпен қарайды.

Жем ретінде ағаш жапырақтары, астық қалдықтары, шөп және тағы басқалар қолданылады, оларды аңшылар мен бей-жай емес адамдар қамтамасыз етті.

Жыл мезгіліне және жергілікті жағдайларға байланысты жабайы жануарлардың әдеттері әр түрлі болады. Орман шаруашылығы қызметкерлері мен аңшылық пайдаланушылары осы ерекшеліктердің барлығын жақсы білуі керек.

Жануарлар өздері үшін дайындалған жеммен қоректенуі үшін, жайылатын орындарды мұқият таңдап, жануарлардың жиналатын жерлерін алдын-ала іздеп, оларды біртіндеп астауларға үйретіп, үнемі тамақтандыратын жерлерге арнайы жем жолдарын салу керек.

«Булаев орман шаруашылығы» КММ
Аңшылық маманы
А. В. Шитов