Әдетте, орман күзеті бүршіктерді қолмен жинайды. Тұқымдар қыркүйекте пісіп, қыс бойы бүршіктерде қалады. Осыған байланысты, оларды жинау маусымының белсенді кезеңі аяз келісімен басталып, наурыз айына дейін қыс бойы созылады. Суық ауа райы қарағай тұқымына оң әсер етеді. Бұл ретте, егер бүршік ашылмаса, онда ол өнімді болады.
Тұқым алу процессі ұзақ, баяу, көп қолмен жұмыс жасауды қажет етеді. Соның өзінде, өнімділік шамамен 1-2 пайызды құрайды. Мысалы, бір тонна бүршіктен әрі кетсе 10 килограмм тұқым алуға болады. «Жамбыл орман шаруашылығы» КММ базасында жиналған барлық материал қайта өңделетін өз бүршік кептіргіші бар.
«Жамбыл орман шаруашылығы» КММ-де жылдық жинау жоспары 4 500 кг құрайды. Бүгінгі күні орманшылықтар 250 кг-нан астам бүршік дайындады және белгіленген мерзімдерге сәйкес жинау әлі де жалғасуда.
Орман күзеті жинауды сапасы жақсартылған ағаштардан жүргізеді. Биылғы жылы кәдімгі қарағай бүршіктерінің өнімі шамалы, бұл өз кезегінде процесті қиындатады. Бірақ бұған қарамастан, орман күзеті бүошіктердің керекті санын жинау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.
«Жамбыл орман шаруашылығы» КММ
Орман күзету және қорғау инженері
Темірбай Т. Г.