
Атаулы күн айрықша маңызды, Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығына - 75 жыл толуына орай «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ директоры Қалықов Қ. еңбек ардагерлері мен орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері:
орман шаруашылығы саласындағы еңбегі, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі, көп жылдық, адал қызметі үшін мерейтойлық медаль мен естелік сыйлық - Солтүстік Қазақстан облысындағы орман саласының қалыптасуы және даму тарихы туралы кітаптарды табыс етті.
Зейнеткерлік жасқа толып құрметті демалысқа шығуына орай Николай Иванович Андрющенкоға табиғаттың көркем келбетін, сұлулық сымбатын сезіне білуінен бірте-бірте қалыптасқан табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі, туған өлкенің көркемдігі мен баға жетпес байлығын сақтау және көбеюіне жауапкершілікпен қарап, күнделікті көп еңбекті талап ететін жұмысындағы білімі, тәжірибесі, жұмыста оң шешім қабылдай алуы және елеулі атқарған жұмысына алғыс білдірді.
«Қызылжар орман шаруашылығы»
КММ әкімшілігі