
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2023 жылғы 20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының ағаш дайындау бойынша ұзақ мерзімді орман пайдаланушылармен жұмыс отырысы өткізді.
Кеңеске басқарма мамандары мен ұзақ мерзімді орман пайдалану орман пайдаланушылары қатысты.
Күн тәртібінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының талаптарына сәйкес міндеттемелерді орындау мәселелері талқыланды: орманды молықтыру, орманды пайдаланғаны үшін ақы төлеу, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау, ағашты терең және қалдықсыз өңдеуді қамтамасыз ету.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар қабылданды, жауапты тұлғалар анықталды және орындау мерзімдері белгіленді.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің басшысы
В. А. Лабанчук