
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалануды жүзеге асыру үшін «Булаев орман шаруашылығы» КММ-сі «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Өткен 2022 жылы «Булаев орман шаруашылығы» КММ-сі 27 өтініш бойынша 27 билет «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметін көрсетті.
Оның ішінде 18 ағаш кесу билеті және 2 орман билеті мемлекеттік орман қоры учаскелерінде мәдени-сауықтыру мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттары негізінде берілді.
7 орман билеті мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман қысқа мерзімді орман пайдалану шарттары негізінде берілді, оның ішінде 2 орман билеті - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін және 5 орман билеті - мемлекеттік орман қорына кіретін ауыл шаруашылығы алқаптарында шөп шабу үшін.
«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі бойынша орман билетін алу үшін қажет:
1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың түрі мен саны және төлеуге қажетті соманы көрсете отырып, қысқа мерзімді орман пайдалану шартын жасасу.
2) Шартта көрсетілген сомаға сәйкес орман пайдаланғаны үшін ақы төлеу.
3) «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызметі бойынша орман билетін беруге өтініш www.elicense.kz сайтында электрондық форматта және Булаев қаласы Пушкин көшесі, 19 үй мекен жайында орналасқан орман шаруашылығының орталық кеңсесінде жазбаша өтініш беруге болады.
Серебренников Г.Е.
«Булаев орман шаруашылығы» КММ орманды молықтыру және орман өсіру жөніндегі инженері
Солтүстік - Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Соколов орман шаруашылығы» КММ бойынша 2022 жылы ағаш кесу және орман билеттерін беру бойынша мемлекеттік қызмет тұрақты түрде көрсетілді.
28 дана ағаш кесу билеті және 6 орман билеті беріліп, барлығы 34 рет мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде «Е – лицензиялау» бағдарламасы бойынша 28 билет берілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді жақсарту үшін бірқатар шараларөткізілді:
Орман шикізат қоры бойынша инженер
«Соколов орман шаруашылығы» КММ
Аманжолова З. Д.