СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру бойынша келесіні хабарлайды:
СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына 2022 жылдың ішінде азаматтардан 126 өтініш түскен болатын.
Олардың ішінде:
- шикізат ресурстарын пайдалану және экологияның жалпы мәселелері бойынша – 42;
- орман шаруашылығы – 33;
- су ресурстары – 14;
- жануарлар дүниесі (балық аулау) – 23;
- білім (біліктілікті арттыру курстары) – 5;
- басқалары – 9.
124 өтініш қаралды (олардан 52-і қанағаттандырылды, 54-сіне түсіндірме берілді, 6 бойынша бас тартылды, 8 ведомстволығы бойынша қайта жолданды, 2 қанағатсыз қалды, 2 назарға алынды).
2023 жылдың қалған өтініштер саны – 2.
Қарастыру мерзімі бұзылған өтініштер жоқ.