«СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ жыл сайын қызметтік қаруды алып жүруге және сақтауға рұқсаты бар ведомстволық бағынысты ұйымдар мен басқарма қызметкерлерінің ортасын қызметтік қарудан практикалық атуды ұйымдастырады.
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес бір адамға практикалық ату үшін жылына патрондар шығысының нормалары белгіленді – 8 дана.
А. ж. желтоқсанда мамандандырылған атыс сызығында практикалық атыс жүргізілді. Аталған іс-шараға 74 қызметкер қатысты.
Атыс алдында қауіпсіздік техникасы және қызметтік қаруды пайдалану бойынша нұсқаулық өткізілді.
Практикалық атыс қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қаруды қауіпсіз ұстау дағдысын арттыру мақсатында жүргізіледі.