Әлеуметтік маңызы бар объектіге бару

Әлеуметтік маңызы бар объектіге бару

2022 жылғы 14 желтоқсанда СҚО әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу шеңберінде құрамында: басқарма басшысының орынбасары Е. Б. Тәшімов, бас маман Г. В. Кудрина Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Е. Ю. Кинцельмен бірлесіп, «СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ (бұдан әрі – Басқарма) әлеуметтік маңызы бар объектіге бару бойынша «II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру» және «ЖАО жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау тұрғысынан қоғамдық бақылау жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында басқарма Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В» мекенжайында орналасқан «Аграрлық үй» ғимаратында 4-қабатта кабинеттерді жалға алатыны анықталды, онда мемлекеттік қызметтерді алу кезінде халық үшін қажетті жағдайлар жасалған, атап айтқанда аумаққа кіру тегін, пандус, шақыру түймесі, бірінші қабатта «Agrokómek» қызметі жүзеге асырады, онда кезекші маман басқарманың мемлекеттік қызметтерін көрсету мәселелері бойынша практикалық көмек пен кеңес береді.

Жалға берілетін кабинеттер орналасқан қабатта мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары бойынша ақпараттық стендтер, екі тілде өтініш үлгілері, «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» бар, көрсетілетін қызметті алушының өтініш жазу орны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіттері бар стенд жабдықталған.

Комиссия мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауды «қанағаттанарлық» деп бағалады.