Жергілікті халықтың сүрекке, атап айтқанда, жылытуға арналған отын сүрегіне деген қажеттілігін қамтамасыз ету мемлекеттік орман шаруашылықтарының басты және аралық пайдаланудағы ағаш кесуден, өзге де ағаш кесуден және кеспеағаштан тыс қоқыстарды жинаудан сүректі өткізуі есебінен өтінімдер болған кезде жүзеге асырылады.
Отын дайындау үшін ең алдымен өрттерден, аурулардан және зиянкестерден зақымдалған өлі және суланған екпелер бөлінеді. Бұл тәсіл санитарлық-сауықтыру шаралары мен орманды кеспеағаштан тазарту мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік береді. Отын жинауға арналған сау, жас ағаш тағайындалмайды.
10.12.2022 жылғы жағдай бойынша бөлінген кеспеағаш қорынан ағымдағы жылға 470,3 мың текше метр отын сүрегі босатылды. Бұл көлем-облыс халқының отын тұтынудың орташа жылдық нормасы.
Әрбір елді мекенге ең қолжетімді кеспеағаш қоры бөлінді. Объективті жағдайларға байланысты кеспеағаштың қажетті көлемі әрдайым тұтынушыларға жақын бола бермейді. Дайындау орындары елді мекендерден алыстап барады. Әлі зерттелмеген және ескерілмеген өлі және зақымдалған екпелер іс жүзінде қалған жоқ.
Рұқсат алу үшін халық жақын маңдағы мемлекеттік орман шаруашылығына жүгінеді және өтініш береді.
Қолданыстағы заңнама шеңберінде өтінімді қарау үшін бір ай белгіленеді. Бірақ өтініш, әдетте, қабылданған күні қаралады. Оны қарастырғаннан кейін тұтынушы орман үшін ақы төлейді және орман мекемесімен келісімшарт жасайды.
Тұтынушыға бөлінген учаскеде кесуге жоспарланған әрбір діңгек ағаш көлемін бағалау және есепке алу үшін белгіленеді. Орманшы немесе орман шебері тек кесуге бөлінген ағаштардың кесілуін қатаң қадағалайды.
2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына өтінім берген Солтүстік Қазақстан облысының барлық тұрғындары отын ағашымен толық көлемде қамтамасыз етілген.
2022 жылғы кеспеағаш қорына рұқсат беру құжаттарының қолданылу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады.
Мемлекеттік орман шаруашылықтарындағы отын сүрегі 1 текше метр үшін 2 мың теңге бағамен босатылды. Заңнамада халықты отынмен жеңілдікпен қамтамасыз ету көзделмеген.
Ағымдағы жылдың ішінде халықтың ағаш дайындау кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ.
Облыс тұрғындарын отынмен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу СҚО әкімдігі табиғи ресурстар басқармасының және табиғат пайдалануды реттеудің және мемлекеттік орман шаруашылығы басшыларының тұрақты бақылауында болды.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлімінің статистигі С. Е. Сүлейменова