Балық шаруашылығын дамыту жөніндегі жиын

Балық шаруашылығын дамыту жөніндегі жиын

2022 жылғы 10 қарашада сағат 15-00-де «Аграрлық үйде» (Петропавл қ.) балық шаруашылығы субъектілерімен жиын өткізілді.

Жұмысқа: СҚО әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, СҚО бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің және ZOOM құралы арқылы балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. Балық шаруашылығын дамытудың 2022 жылға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі міндеттерді орындау.
  2. «СҚО бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті» РММ есептілікті тапсыру мәселелері.
  3. Балық өсіру шаруашылықтарын субсидиялау.
  4. 4.Табиғат пайдаланушылардың балық шаруашылығы су айдындарын балықтандыруы.
  5. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандардағы өзгерістер (8 рх индексі бар нысан).