2022 жылдың өрт қауіпі маусымының қорытындысы бойынша кеңес

2022 жылдың өрт қауіпі маусымының қорытындысы бойынша кеңес

2022 жылғы 09 қарашада сағат 10-00-де «Аграрлық үйде» (Петропавл қ.) орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 31.10.2022 жылғы № 27-5/276-нқ «Мемлекеттік орман қоры аумағында 2022 жылғы өрт қауіпті маусымды аяқтау туралы» бұйрығына сәйкес Облыстың мемлекеттік орман иеленушілерімен кеңес өткізілді.

Жұмысқа Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің басшылары мен мамандары, СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі, орман шаруашылығы және табиғат қорғау мекемелерінің директорлары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

  1. 2022 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы.
  2. Орман шаруашылығын жүргізу мәселелері (орманды қорғау және молықтыру, кеспеағаш қорын игеру, орман пайдаланушылардың шарттық міндеттемелерін орындауы).

Өткізілген алқаның қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды және орындалу мерзімі белгіленді.