Экологиялық акция!

Экологиялық акция!

Қазақстан Республикасының күніне орай СҚО әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мүдделі мемлекеттік мекемелермен және эковолонтерлермен бірлесіп 2022 жылғы 22 қазанда «Таза Табиғат» қамқорлығымен экологиялық акция өткізді, Мемлекеттік орман қорының 0,3 га алаңына қарағай көшеттері отырғызылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған «Табиғаттағы қоқысқа жол жоқ» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Петропавл қаласының айналма жолының бойындағы орман белдеуін қоқыстан тазарту жүргізілді, шамамен 200 кг қалдық жиналды. Орман шаруашылықтары облыс аудандарында акция өткізді.

Бұл экологиялық акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және табиғи ресурстарды сақтауға ықпал етеді