Басқарма басшысының құттықтауы
16 қазан – орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі!
Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы саласының құрылғанына биыл 75 жыл.
Ұзақ және қиын жол өтті, ағаш егу, орманды өрттен және заңсыз ағаш кесуден, зиянкестер мен аурулардан қорғау саласында баға жетпес тәжірбие жинақталды.
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің негізгі мақсаттары мен міндеттері болашақ ұрпақ үшін орман қорын сақтау және молайту, оларды ұтымды және ұқыпты пайдалануды қамтамсыз ету, сондай-ақ, елдердің экологиялық қауіпсіздігін нығайту болып табылады.
Біздің жұмысымыз осы қағидалар негізінде құрылған. Өңірде ормандарды қорғау және молықтыру жұмысы қарқынды дамуда, өндірістегі озық жетістіктерді пайдалана отырып, орман шаруашылығының материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсаты қолға алынды. Мәселен, орман өрттерін анықтау үшін заманауи интерактивті бейнебақылау жүйелері жалғанған, ағаш өсірудің жаңа әдістері қолданылып, орман питомниктерінде тамшылатып суару жүйесі енгізілді.
Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылдың қыркүйек айындағы Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында орман қорында 2 млрд ағаш отрығызуды тапсырды.Осыған байланысты алдағы 5 жылда тағы 20 мың гектарға ағаш отырғызу көзделуде. Жалпы, соңғы 10 жылда облыстың мемлекеттік орман қорының ауданы 15 мың гектарға ұлғайды. Өңіріміздің орман шаруашылығы саласында өз ісін жақсы білетін жоғары білікті мамандар еңбек етуде. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер, білікті де білімді, іскер де қабілетті мамандар ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Сіздерге қажырлы еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін!
Бүгінгі күнге жеткен тәжірбиесі мен дәстүрі, жетістіктерге арқау болған, аймақтың экологиялық ахуалын жақсартқан орман саласы ардагерлеріне ерекше алғыс айтқым келеді!
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, бақ-береке және алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында табыс тілеймін!