Құрметті Қайролла Қайырбекұлы!»

Құрметті Қайролла Қайырбекұлы!»

Сізді зейнеткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер, бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес. Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде ұжымымыздың игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас. 27 жыл бойы орман шаруашылығы саласының нығаюына кеңінен үлес қосып, тапжылмай қызмет атқарғаныңыз үшін алғыс білдіремін.

Соңғы жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Парасатты да рухы биік ізбасарларды тәрбиелеу жолында да, еңбегіңіз ұшан теңіз.

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттықа, отбасы – Отанда, ұл – қыздардың ортасында балқыған бақытқа толсын!  

Сізге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін. Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін. Бақытыңыз баянды, сау-саламат жүргейсіз!

«СҚО әкімдігінің табиғи
ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасы» КММ
басшысы Исманов Б.Қ.