Болашақ орманшылар

Болашақ орманшылар

2022 жылдың 5 қыркүйегінен 2022 жылдың 5 қарашасына дейін «Булаев орман шаруашылығы» КММ-де Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ОРО 19 тобының «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша 5 адамнан тұратын студенттер өндірістік практикадан өтуде.

Практикадан өту кезінде студенттер орман шаруашылығы жұмысына орман дақылдарын отырғызу, күзгі түгендеу, тұқымдарды қабылдау және талдауға дайындау және басқа да жұмыстарға қатысады.

Осылайша олар кеспеағаш қоймасын қотыр қайыңның тұқымын қабылдауға дайындау және оларды талдауға тұқым партияларын іріктеу, боз жиде тұқымын жинау, тәлімбақтағы өскіндердің шығымдылығын есептеу және басқа да жұмыстарға қатысты.

Оларға практикадан жақсы өтіп, оқуларын сәтті аяқтап, кәсіби қызметке кірісуді тілейміз.