
Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының аумағында 2 млрд. ағаш отырғызу жөнiндегi тапсырмасына сәйкес бiздiң өңiрде 2021-2025 жылдарға арналған орманды молықтыру көлемiн ұлғайту жөнiндегi Компекс жоспарының көрсеткiштерi белсендi қарқынмен iске асырылуда.
Тапсырманы орындау мақсатында барлық орман шаруашылықтарында орман иеленушiлердiң материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiледi.
2022 жылғы 01 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары С.А. Аблалиев осы Жоспарды iске асыру шеңберiнде Мамлют орман шаруашылығы аумағында (Мамлютка қ.) өңiрдiң орман шаруашылығы директорларына 9 дөңгелектi трактор мен тiркеме жабдығын табыс еттi.
Орман қорғау мекемелерiн жарақтандыруды жақсарту үшiн 2021 жылы жергiлiктi бюджеттен 116 млн.теңге сомасында қосымша қаржы бөлiндi. Облыстық бюджет қаражаты есебiнен 104 млн. теңгеге 12 трактор және 6 тiркеме жабдық сатып алынды.
Аталған бес жылдық кезеңде облыстың 20 мың гектар орман қорына 100 млн. көшет отырғызу жоспарланғанын атап өту қажет. Орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң күшiмен 2021 жылы 836 гектар жерге 3,5 млн.көшет отырғызылды. Ағымдағы 2022 жылға жоспарлы көрсеткiш 1700 гектарды құрайды, оның 836 гектары көктемде отырғызылды. күзде орман өсiру жұмыстары жалғасады.
Президенттiң тапсырмасын орындау мақсатында орман шаруашылықтары қажеттi ұйымдастыру iс-шараларының толық кешенiн жоспарлады.