Бұзушылықсыз аң аулау

Бұзушылықсыз аң аулау

Күзгi аң аулау маусымы сәттi өтiп, көңiлсiздiк пен қиындық туғызбауы үшiн, Сiз 2022 жылы аң аулаудың қашан ашылатынын нақты бiлуiңiз қажет, сонымен қатар белгiленген ережелердi сақтауыңыз керек.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м. а. 2015 ж. 27.02. № 18-03/157 «Аң аулау қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрiнiң 2022 жылғы 10 маусымдағы № 211 «2023 жылғы 1 шiлдеден бастап 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектiлерi болып табылатын жануарлар түрлерiн алып қоюға арналған лимиттi бекiту туралы» бұйрығына сәйкес аң аулау мерзiмдерi өзгердi.

Осылайша, бұйрыққа сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысының бекiтiлген аңшылық алқаптарында 2022-2023 жылғы аң аулау маусымын ашуға рұқсат етiлдi: 01 қазаннан 15 ақпанға дейiн ондатрға, қарсаққа, түлкiге, дала күзенiне, аққалаққа, ақкiске, қоянға 01 қарашадан 15 ақпанға дейiн (қарсаққа, түлкiге, аңшы жыртқыш құстармен және аңшылық тұқымды иттермен аң аулау 15 қазаннан бастап), суырларға 15 маусымнан бастап жатқанға дейiн, балшықшыға 01 шiлдеден 30 қарашаға дейiн, бөдене мен көгершiндерге 20 тамыздан 30 қарашаға дейiн (аңшылық тұқымды иттермен және аушы құстармен бөдене аулауға 15 шiлдеден бастап ұшып кеткенше), қаздарға, үйректерге, қасқалдаққа тамыздың соңғы сенбiсiнен (27 тамыздан бастап) 30 қарашаға дейiн, шiлге қыркүйектiң бiрiншi сенбiсiнен (03 қыркүйектен бастап) 30 қарашаға дейiн, құрға 15 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейiн, борсыққа 01 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейiн, жанат тәрiздi итке 01 қыркүйектен бастап жатқанға дейiн, қабанға қыркүйектiң бiрiншi сенбiсiнен бастап (03 қыркүйектен бастап) 31 желтоқсанға дейiн, елiкке, маралға, бұлан аталықтарына 15 шiлдеден бастап, ұрғашы және төлдерге 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейiн, өзен құндызына 15 қыркүйектен 30 қарашаға дейiн.

Аң аулау маусымын бұзушылықтарсыз және басқа да қиыншылықтарсыз өткiзгiсi келетiн аңшылар қалаған жабайы құс пен аңды атуға рұқсат беру құжаттарын сатып алу туралы алдын-ала ойлануы керек, рұқсаттың мерзiмi өтiп кетпегенiн тексерiңiз, бiр орыннан екiншi орынға ауысқан кезде барлық қару-жарақ таусылып, қапталуы керек, жазатайым оқиғаларды болдырмау үшiн адамның психикалық және физикалық жағдайын өзгертетiн алкоголь мен басқа заттарды қолданбау керек.

Сондай-ақ, тұяқты жануарларды аулау қорықшының немесе жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың қатысуымен жүргiзiлетiнiн атап өткен жөн.

Аңшылардан қоршаған ортаны тұрмыстық қалдықтармен ластамауды және өрт пен өрттiң пайда болу қаупiн тудырмауды сұраймыз.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ
аңшысы
Д.Н. Бутенко