Екiншi орман орналастыру кеңесi

Екiншi орман орналастыру кеңесi

2022 жылғы 15 тамызда Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А.Ф. Усольцевтiң төрағалығымен Қазақ орман орналастыру кәсiпорнының бас инженерi Е.Т. Мапеновтың, Солтүстiк Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясының өкiлдерiнiң және 10 мемлекеттiк орман шаруашылығы директорларының қатысуымен екiншi орман орналастыру кеңесi өткiзiлдi.

2021 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қарамағындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында дала жұмыстары жүргiзiлдi және ағымдағы жыл iшiнде орман екпелерiн таксациялау және түгендеу нәтижесiнде алынған деректерге камералдық өңдеу жүргiзiлдi, жоспарлы-картографиялық материалдар жасалды, орман шаруашылығы iс-шаралары әзiрлендi, орманды пайдалану мөлшерi, орманды молықтыру көлемi, ормандарды өртке қарсы жайластыру көлемi анықталды.

Кеңесте 2004-2019 жылдардағы тексеру кезеңiнде орман шаруашылығын жүргiзуге және мемлекеттiк орман қорын пайдалануға кешендi баға, жоспарланған орман шаруашылығы iс-шаралары және 2022-2032 жылдардағы келесi тексеру кезеңiнде орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң негiзгi ережелерi берiлдi.

Екiншi орман орналастыру кеңесiнiң қорытындысы бойынша 10 мемлекеттiк орман шаруашылығы: Ақан серi, Аққайың, Булаев, Бурлық, Есiл, Жамбыл, Пресновка, Орлиногор, Сергеевка, Соколовка бойынша орман орналастыру жобаларына орман орналастыру ұсынымдарын қарау жөнiндегi хаттамаларға қол қойылды,

Орман шаруашылығы және
ЕҚТА бөлiмiнiң статистигi
С.Е. Сүлейменова