Қалдықтарды қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне тапсырыңыз!

Қалдықтарды қайталама шикізатты қабылдау пункттеріне тапсырыңыз!

Біздің заманымызда Қазақстан Республикасындағы технологиялық жарыс дәуірінде, басқа әлемдегі сияқты, экология проблемалары барған сайын өзекті бола түсуде, өйткені экология – бұл адамды қоршаған ортаның ажырамас бөлігі және адам денсаулығына және жер бетіндегі барлық тіршілік иелеріне тікелей пропорционалды әсер етеді.

Бүгінгі күні біз қалдықсыз өндіріс, жасыл энергия, қайталама ресурстар және т.б. деген сөздерді жиі естиміз, осы бағыттардың дамуы мен енгізілуі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамамен негізделген. Тұжырымдаманың басты бағыттарының бірі қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және қайта өңдеу болып табылады. Мәселен, 2030 жылға қарай республикада қалдықтарды қайта өңдеу үлесі 40%-ды, ал 2050 жылға қарай 50%-ды құрауы тиіс.

Полигондарда қалдықтарды көмудің моральдық ескірген жүйесін өзгерту үшін мемлекет қалдықтармен жұмыс істеудің қазіргі заманғы әдістерін енгізуде. Заңнамалық деңгейде осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді. Алайда, тек мемлекеттің күшімен қалдықтарды қайта өңдеу үлесін ұлғайту мүмкін емес. Біз – Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде өз азаматтық ұстанымдарын көрсетіп, туған өлкенің экологиясына жауапкершілікпен қарауды үйренуіміз керек.

Петропавл қаласы мен облыс аудандарының тұрғындарына арнаған сөзінде қалдықтарды бөліп, қайталама шикізатты қайта өңдеуге тапсыруды сұраймыз. Ол үшін Петропавл қаласында және облыстың бірқатар аудандарында қажетті инфрақұрылым бар – бұл сары торлы контейнерлер, сондай-ақ қайталама шикізатты қабылдау пункттері.

Қалалықтарда сыйақы үшін картон, макулатура, полиэтилен, стрейч-үлдір, ПЭТ-шөлмектер, шыны, алюминий құтылар, тұрмыстық химия құтылары, майлар мен антифризден қалған канистрлер, ПВХ профилінің қиындылары, көк жолағы бар қара полиэтиленді құбырлар және т. б. тапсыруға мүмкіндік бар.

 Петропавл қаласында бірнеше жылдан бері қайталама шикізатты қабылдау пункттері жұмыс істейді, олар мына мекенжайлар бойынша орналасқан: «Сокол» СҮ Назарбаев көшесі, 115; «Дәрия» базары Бостандық көшесі, 22А; Киров атындағы зауыт жанындағы «Коммунальный» базары; Н.Назарбаев көшесі, 69; «Семейный» гипермаркеті Назарбаев көшесі, 252; «Стеклянный» дүкені Украинская көшесі, 203; «Океан» дүкені Абай көшесі, 77; «LS Petropavlovsk» ЖШС базасы Ғ. Мүсірепов көшесі, 17-В; «Апельсин» дүкені Хименко көшесі, 8.

Сондай-ақ, электр жабдығының қалдықтарын, автомобиль шиналарын, металл сынықтарын, пайдаланылған аккумуляторларды қайта өңдеуге тапсыру қажет, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың толық тізімімен осы сілтеме бойынша табиғи ресурстар басқармасының сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/press/article/details/32580?lang=kk

Сондай-ақ Айыртау, Аққайың, Мамлют, Есіл, Қызылжар, Ғ.Мүсірепов ат., Тайынша кәсіпкерлерімен қайталама шикізатты жинау жүзеге асырылуда.

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы біздің аймақтың барлық азаматтары мен қонақтарынан: қалдықтарды бөліп, оларды қайта өңдеуге тапсыруды сұрайды! Қаламызда тазалық сақтайық!

Бостандық көшесіндегі  «Дария» базары

Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі «Семейный» гипермаркеті

Украинская көшесіндегі «Стеклянный» дүкені (жұмысшы кенті)

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және
табиғатты қорғау бағдарламалары
бөлімінің бас маманы В. Спиней