Орманды жанама пайдалану - шөп шабу және мал жаю

Орманды жанама пайдалану - шөп шабу және мал жаю

Жанама пайдалану - бұл халық шаруашылығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін орманның ағаштан басқа өнімдерін пайдалану.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю жанама пайдаланудың бір түрі болып саналады.

Шөп шабу және мал жаю үшін осы мақсатқа жарамды, мемлекеттік орман қорының құрамына кіретін ауыл шаруашылығына пайдаланылатын алқаптардың алаңдары бөлінеді, сондай-ақ орманның табиғи немесе жасанды жаңаруы, шөп шабу басталғанға дейін оларды жақсартуға арналған басқа да іс-шаралар жүргізуге көзделмеген орман көмкермеген басқа да жерлер мен орман ішіндегі ашық алаңқайлар пайдаланылады. Кейбір жағдайларда шөп шабу үшін қайта жаңартуға белгіленбеген құны шамалы екпеағаштардың учаскелері пайдаланылуы мүмкін.

Шөп шабу және мал жаюға арналған мемлекеттік орман қорының учаскелері ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының талаптарымен ұзақ мерзімді орман пайдалануға және рұқсат беру құжаты - орман билеті негізінде қысқа мерзімді орман пайдалануға беріледі. Орман билетінде жер учаскесін пайдалану түрі, ауданы мен мерзімі, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері көрсетіледі. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары облыстық мәслихаттың шешімімен бекітіледі. Шөп шабуға арналған орман билеті шөп шабу (өнім дайындау) маусымына беріледі.

2022 жылдың басынан бастап «Қызылжар орман шаруашылығы» КММ Сосновка орманшылығында шөп шабуға 2 орман билеті жазылды.

Орман билетін жазып беру үшін азаматтар белгіленген нысанға сәйкес портал арқылы www.elicense.kz өтініш беруі қажет, орман пайдалану төлемақысының ставкаларына сәйкес қызметті төлеу қажет, мекемеге төлем төленгені туралы түбіртекті ұсынғаннан кейін орман билеті толтырылады және өтініш берушіге беріледі.

«Қызылжар орман шаруашылығы» КММ-нің
орман пайдалану инженері
Е.С. Гайворон