"Красный бор" жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi ММ" КММ аумағында балаларға арналған экскурсия

"Красный бор" жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi ММ" КММ аумағында балаларға арналған экскурсия

СҚО әкiмдiгiнiң Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 20 маусымда "Красный бор" жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi ММ" КММ аумағында балаларға арналған экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсияның мақсаты экологиялық тәрбие, жануарлар дүниесiне ұқыпты қарау, қорықшылық қызметтiң жұмысымен танысу болып табылады.

Балалар үшiн маралдардың табиғи мекендеу ортасында бақылау, тамақтану ұйымдастырылды, сондай-ақ естелiк кәдесыйлар табыс етiлдi.

Экскурсияға облыс бойынша 80-нен астам бала қатысты.

"Красный бор" жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi ММ" КММ Есiл ауданының оңтүстiк-шығыс бөлiгiнде орналасқан және аумағы 62,3 мың гектар "Красный бор" резервтiк аңшылық алқабының құрамына кiредi.

КММ осы аумақта мекендейтiн тұяқты жабайы жануарларды, бiрiншi кезекте әкелiнген маралдар мен қабандарды қорғау және өсiмiн молайту үшiн құрылған.

1979 жылы шаруашылық аумағына 15 бас қабан, ал 1985 жылы 20 бас марал әкелiндi, олардың саны 90-шы жылдардың соңында 89 бас маралға жеттi.

Бүгiнгi күнi "Красный бор" жануарлар дүниесiн қорғау және өсiмiн молайту жөнiндегi ММ" КММ қорықшылық құрамымен тұяқтыларды қорғау және азықтандыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Маралдар мен басқа да жануарлар түрлерiнiң тұрақты өсiмi аншлагтар, астаулар, сортаң топырақтар орнату және азықтандыру сияқты қорғау және биотехникалық iс-шаралар бойынша көп жылғы жұмыстың нәтижесi болып табылады.

Жыл сайын биотехникалық iс-шаралар, тұяқтыларды 3 мың центнерден астам шөппен, 6 мың данаға жуық қайың сыпырғыштарымен, 470 центнерге жуық астық жемшөппен, 200 килограмнан астам тұзбен қоректендiру жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы маралдардың саны 1446 басты, сiбiр елiгi 1937 басты және қабан 437 басты құрайды.

Бас маман Есимов К.Д.