2022 жылдың 1-шi жартыжылдығына Басқарманың көшпелi кеңесi өткiзiлдi

2022 жылдың 1-шi жартыжылдығына Басқарманың көшпелi кеңесi өткiзiлдi

2022 жылғы 13 шiлдеде Шал ақын ауданының Ровное ауылында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Исмановтың төрағалығымен орманды молықтыру мәселелерi бойынша көшпелi техникалық кеңес өткiзiлдi.

Алқа жұмысына басқарма мамандары мен орман шаруашылығы директорлары қатысты.

Қатысушылар орман тәлiмбағы шаруашылығын жүргiзумен, сондай-ақ «Сергеев орман шаруашылығы» КММ аумағын абаттандыруды жүргiзумен танысты. Бұдан әрi, кеңестiң күн тәртiбiнде орман шаруашылықтарының 2022 жылдың 1-шi жартыжылдығындағы орман өсiмiн молайту және орман тәлiмбағы шаруашылығын жүргiзу жөнiндегi қызметiнiң қорытындылары, сондай-ақ 2022 жылғы күздiң көрсеткiштерiн орындау жөнiндегi жоспарлар және осы бағыттағы алдағы 2023 жылға арналған мiндеттер талқыланды.

Өткiзiлген алқа қорытындысы бойынша хаттамалық шешiмдер қабылданып, орындау мерзiмдерi белгiлендi.

Бөлiмiнiң басшысы
орман шаруашылығы және ЕҚТА
Лабанчук В.А.