«Преснов орман шаруашылығы» КММ орман шаруашылығы кеңселерiн және өндiрiстiк аумақтарды абаттандыру бойынша iс-шаралар жоспарына сәйкес орман шаруашылығы қызметкерлерiнiң қатысуымен мынадай жұмыстар жүргiзiлдi: Пресновка ауылындағы орталық кеңсенi гүлзарларды бөле отырып абаттандыру, тумбалар мен бордюрларды ақтау, дуалдар мен сәндiк жануарларды сырлау, орталық кеңсе аумағына кiретiн жерде ақпараттық панно ауыстыру.
2022 жылы Преснов орманшылығының кеңсесiн 795820 (жетi жүз тоқсан бес мың сегiз жүз жиырма) теңге сомасына ағымдағы жөндеу жоспарланған, онда мынадай жұмыстар жүргiзiлетiн болады: төбелердi ауыстыру, iшкi беттердi өңдеу, линолеумды ауыстыру, есiк блоктарын ауыстыру, сондай-ақ тұқым қоймасын 112 400 (бiр жүз он екi мың төрт жүз) теңге сомасына ағымдағы жөндеу жоспарланған. Қазiргi уақытта сөрелердi ауыстыру, есiктердi, жоталарды ауыстыру жүзеге асырылады. Жұмыстар орман күзетi мен «Жасыл Ел» жауынгерлерiнiң қатысуымен жүргiзiлуде.
И.В. Романова
молықтыру инженерi